«Тобылдың» еурокубоктағы келесі қарсыласы белгілі болды

«Тобылдың» еурокубоктағы келесі қарсыласы белгілі болды

«Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» командасымен кездеседі, де жазады Prosports.kz

«Ференцвароштан» жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін қостанайлық команда еуромаусымдағы жорығын Конференция лигасында жалғастырады. Онда Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасымен кездеседі. 

Гибралтарлық команда өткен маусымда Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. «Линкольн Ред Импс» F тобында «Копенгаген», «ПАОК» және «Слованмен» бірге бақ сынады. Бірақ бірде-бір ұпай жинай алмай, топта соңғы орын алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0