Вагнер Лав мансабын қайда аяқтағысы келетінін айтты

«Қайрат» сапында доп тепкен бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав футболдағы мансабын қайда аяқтағысы келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.
38 жастағы Вагнер осы жазда Данияның «Мидтьюлланд» командасынан кеткеннен бері еркін агент.
«Еркін агент ретінде келіссөз жүргіземін. Бразилия футболына ораламын ба? Керемет идея. Кейбір клубпен сөйлестім, бірақ ресми ештеңе шешілген жоқ. Егер мүмкіндік болып, мансабымды «Коринтиансе» немесе «Фламенгода» аяқтасам керемет болар еді. Менің жасым 38-де, бірақ алаңда өнер көрсетуге әлі де дайынмын», - деді Лав
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или