ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕН ТУРНИР
Неге бокс Олимпиада ойындарынан шыққалы жатыр білесіз бе? Себебі IBA бастаған төрешілер қосыны үлкен бір мафия. Оның ішінде қазақ төрешілері әділетсіздік жағынан алғашқы орында!
"Елорда Кубогі", "Кіші Әлем чемпионаты" деп ХАЛЫҚАРАЛЫҚ турнир өткіземіз, бірақ қапталға кемі үш, одан қалса 5 қазақ төрешісін отырғызып қоямыз. Бұл жағдайда қай елдің спортшысы жеңетінін мен жазбасам да іштеріңіз сезіп отыр. Финалға дейінгі әділетсіздігі бір төбе, финалы бір төбе болды.
Теміртас Жүсіпов Асылбек Джалиловтен , Серік Теміржанов Освальд Давид Кабалеродан, Саматәлі Төлтаев Талғат Сырымбетовтен, Нұрбек Оралбай Тоқтарбек Таңатханнан ұтылу керек болған. Бірақ барлық кездесуде біріншілердің қолын көтерді төрешілер! Қытай қазағынан жеңісті жұлып алған соң аренадан шығып кеттім. Бүйткен турнирі құрсын! Ұят-ай. Келесі жолы ешкім келмейді, қазақтарды шет елде құлатып жатса ренжімеңдер!
П/сы: Айдос тек негатив көреді деп ойлайтын шығарсыздар? Иә, әділетсіз өткен турнирді әділ өтті деп айта алмаймын. Спортты дамыту дирекциясында (мемлекетті мекеме) жүрген кездің өзінде спорттағы әділетсіздікті жазған кезде, Министрлікке бағынысты мекемеден кеткен соң тоқтап қалмайтын шығармын:)
Айдос Рымқұлдың фейсбук парақшасынан