Бокс

Мейвезер МакГрегорға қарымта жекпе-жек үшін қомақты қаржы ұсынды

Мейвезер МакГрегорға қарымта жекпе-жек үшін қомақты қаржы ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған ирландиялық Конор МакГрегорге қарымта жекпе-жек үшін қомақты қаржы ұсынды.

The Sun басылымының мәліметінше, боксшы қарымта жекпе-жек үшін 157,9 млн доллар ұсынған. Егер қос тарап келіссе, жекпе-жек келер жылы Таяу Шығыста өтуі мүмкін.

Еске салайық, бұл екі спортшы арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өткен еді. Ол кездесуде америкалық жеңіске жетті.

Аталған айқаста екі боксшы да қыруар табыс тапты. Бір ақылы трансляцияның өзін 4,3 миллион көрермен тамашалаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер