Кличко Поветкинді Киевте жұдырықтасуға шақырды

Кәсіпқой бокстан ауыр салмақтағы әлем чемпионы Владимир Кличко ресейлік боксшы Александр Поветкинмен матч-реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Ал, аталған жекпе-жек Украина астанасында өтуі тиіс деді ол.

"Мен 2013 жыл болған жекпе-жек үшін, мені Мәскеуге шақырғаны үшін алғысымды айтамын. Енді Киевке қош келдіңіздер!" деді Кличко Поветкинге шақырту тастап.

Оның айтуынша, матч-реванш футболдағы секілді екінші тараптың алаңында өтуі тиіс. "Футболда алдымен қонақтай ойнайды, сосын өз алаңында қабылдайды. Мен сырт алаңда жұдырықтасып келдім. Ендігі жекпе-жек Украинада өтуі тиіс" деп атап өтті Владимир Кличко. Оның айтуынша, бұл ұсыныс Поветкиннің өзіне де ұнауы тиіс.

Дегенмен, ресейлік боксшының промоутері Андрей Рябинский алдағы жоспарда Поветкиннің Кличкомен кездесуі жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, "Витязь" келесі жекпе-жегін америкалық әлем чемпионы Деонтей Уайлдермен өткізеді.

"Ешкім ешкімге ешнәрсе қарыз емес. Бірінші жекпе-жектің Мәскеуде өту себебі - біз оны жеңіп алдық және ұйымдастырдық. Егер келесі жекпе-жекті өткізу мүмкіндігін олар жеңіп алса өздері біледі қай жерде өткізетіндерін" деп атап өтті Рябинский.

Естеріңізге салайық, қос боксшының арасында 2013 жылы өткен алғашқы жекпе-жекте Владимир Кличко Александр Поветкинді айқын басымдықпен жеңді. 12 раундқа созылған кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан украиналық боксшыға ұстатқан болатын.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или