ММА

«Қарсыласыммен емес, ағзаммен күресіп жатқандай болдым»

«Қарсыласыммен емес, ағзаммен күресіп жатқандай болдым»

18 маусымда Өзбекстанда Brave CF 59 & ATF 11 турнирі өтті, оның басты жекпе жегінде қазақстандық файтер Олжас Есқараев (10-6) қырғызстандық Кубанычбек Абдисалам уулудан (19-3) жеңіліп қалған. Олар жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион атағын сарапқа салған болатын. 

Жекпе-жектен кейін «Қыпшақ» Instagram-парақшасында октагонға шыққан күні денсаулығына байланысты күрделі мәселелер болғанын хабарлаған.

Prosports.kz сайтына берген сұхбатында «Қыпшақ» жеңілісінің басты себептерін атап, реванш алуды қалайтынын мәлімдеді.

- Олжас, өткен аптадағы BRAVE CF жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы атағы үшін Абдисалам Кубанычбекке қарсы өткен жекпе-жекке қатысты қандай пікір білдіресіз?

- Жекпе-жек менің жоспарым бойынша өткен жоқ, бірақ мен оған тыңғылықты дайындалдым.

– Әлеуметтік желідегі парақшаңызда жекпе-жекке дейін денсаулығыңыз сыр бергенін айттыңыз. Нақты не болғанын айтып беріңізші?

– Жекпе-жек болған күні түскі үзілістен кейін асқазаным ауырсынды – бәрі содан басталды. Жекпе-жектен бір күн бұрын менің секунданттарым да осыдан өткен.

– Абдисаламмен жекпе-жектен бас тартамын деген ой болды ма?

– Мен бұл туралы менеджерге және секундантқа ескерттім. Менің орнымда басқа файтер тәуекел етпей, бес раундтық жекпе-жектен бас тартатын еді. Бірақ мен тәуекелге бардым.

- Сіздің ойыңызша, денсаулығыңызды ескере отырып, өзіңізді торда қаншалықты көрсете алдыңыз?

– Жекпе-жекті көрген болсаңыз, бірінші раундта өзімді жақсы сезіндім, екінші раундта жүрегім айни бастады. Төртінші раундта қылқындыру әдісін қолдандым, бірақ оны аяғына дейін жеткізе алмадым, өйткені қатты құсқым келіп кетті. Бес раунд бойы қарсыласыммен емес, ағзаммен күресіп жатқандай болдым.

– Егер сіз бабыңызда болсаңыз, жекпе-жектің нәтижесі басқаша болар ма еді?

– Жүрек айну мен құсу сезімі мазаламаса, бәлкім, жекпе-жек жоспарымыз бойынша өтіп кетер ме еді. Мен өзіме сенімді болдым, сондықтан жекпе-жектен бас тартпадым.

– Болашақта Абдисаламмен реванш өткізгіңіз келе ме?

– Жекпе-жек біткеннен кейін реванш туралы айтқым келіп еді, бірақ құсқым келіп, бірден шығып кеттім. Әрине, реванш өткізгім келеді. 

– Келесі жекпе-жегіңіз қашан өтуі мүмкін және ол BRAVE CF промоушенінде бола ма?

– Келесі кездесу туралы ештеңе белгісіз. BRAVE CF-мен келісім бойынша әлі үш жекпе-жек бар. 

Фото: BRAVE CF


СМОТРИ UFC СО СКИДКОЙ 50%!Июнь обещает быть интересным для всех фанатов UFC!

Маусым барша UFC жанкүйері үшін қызық болғалы тұр!

Әсіресе алда қазақстандық файтерлердің жекпе-жектері күтеді. Сондай-ақ, қырғызстандық чемпион Валентина Шевченко кезекті рет титулын қорғайды. Одан бөлек, UFC-дегі алғашқы татар файтері Ринат Фахретдинов октагонға шығады.

UFC алдағы жекпе-жектерді біздің файтерлерді қолдау үшін #АлгаИюньхэштегін бастайды, бір ай бойы ALGA промокоды жарамды болады, сол арқылы UFC Fight Pass біржылдық жазылымына 50% жеңілдік ала аласыздар. Өткізіп алмаңыздар!

Промокод UFC FIGHT PASS-тың! БІР ЖЫЛ не БІР АЙ жазылымына жарамды! Промокод саны шектеулі! Жазылып ал да, UFC турнирлерін тікелей эфирде немесе кейін қайталап көр!

Ұсыныс ТМД елдеріне жарамды: Грузия, Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Молдавия, Қырғызстан, Түркіменстан

Қалай қосуға болады:
- Сайтқа кір
- тіркеліп немесе аккаунтқа кір
- тарифтік жоспарды таңда
- Ай сайын немесе Жыл сайын
- төлем әдісін таңдап, промокод жолын бас
- промокодты енгізіп, қолдану түймесін бас

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0