Владимир Вайсс: «Исламхан - қазақтан шыққан «Иньеста»

Владимир Вайсс: «Исламхан - қазақтан шыққан «Иньеста»

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші туры аясында Орталық стадионда өткен матч соңынан командалардың жаттықтырушылары баспасөз-мәслихатына қатысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Владимир Вайсс:

- Бір қарсыласпен қатарынан екі ойын өткізу оңай емес. Кубок жолындағы бәсекеде футболшылар басқаша ойнайды. Бірінші таймда біз басымырақ көріндік, қапталдағы қорғаушылар шабуылға жиі араласты. Үзіліс кезінде жігіттерді қайрап жібердім, шалт қимылдасын деп. Исаэл соның арқасында "қосты". Бүгік команда Гоуға жұмыла жұмыс істеп пас шығарды. Исламхан үшін де бос алаң табылды, оны қазақтан шыққан Иньеста десе болады. Екінші таймда бір мүмкіндігін іске асыра алмады, допты артық ұстап. Мықты қорғанған қарсылас команданы да айта кету керекпін.

- Бүгін Қуаныш Советов алаңға шығып Рудосельскийді орындықта қалдырған…

- «Рубинге» қарсы өткен жолдастық кездесуде ол өзін мықты қырынан танытты, содан бері көңілімнен шығып келеді. Советовпен екі жыл жұмыс істеп келеміз. Жас өнерпаз ретінде ойынға жақсы араласты. Негізгі құрамда қалғың келсе, өзіңді көрсет дедім оған.

Евгений Яровенко:

- «Қайрат» - мықты команда. Кубок ойынын сараптап тосын сый әзірлегенбіз. Бірақ «Қайратқа» қарсы бірінші нөмірмен ойнауға болмайтынын түсіндік. 70-ші минутқа дейін басымдықты алаң иелері сақтады. Шәкірттерім ойын алдында айтылған нұсқауларды орындамады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или