ФИФА президенті тағайындалды

79 жастағы Зепп Блаттер Халықаралық футбол федерациясының президенті болып қайта сайланды.

Дауыс беру рәсімі бүгін Швейцарияның Цюрих қаласында ФИФА конгресі аясында өтті. Бірінші турда Блаттер 133, Иордания ханзадасы Әли бин әл-Хусейн 73 дауыс алған. Үш бюллетень жарамсыз деп танылды. Ереже бойынша, бірінші турда 140 дауыс алған үміткер бірден жеңіске жетеді.

Блаттердің жинаған дауысы бұл межеге жетпегендіктен екінші тур ұйымдастырылуы тиіс еді. Бірақ Әли бин әл-Хусейн екінші кезеңге қатысудан бас тартты. Осыдан кейін Блаттер 2019 жылға дейін ФИФА президенті болып қайта сайланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или