Головкин «Канелодан» нокаутпен жеңіле ме?
«Лаборатория бокса» YouTube-арнасының сарапшылары Головкин «Канелодан» нокаутпен жеңіле ме деген сұраққа жауап берді, деп жазады prosports.kz.
— Головкин — «Канело» жекпе-жегі мерзімінен ерте аяқталуы мүмкін бе? Менің ойымша, Геннадий «Канелоны» нокаутпен жеңе алмайды, өйткені «Канелоның» басы өте мықты, бұл мүмкін емес. Ал «Канело» Головкинді мерзімінен бұрын жеңе ала ма? Менің ойымша, Геннадий үшін жекпе-жектің алғашқы жартысы, үш-төрт раунд өте қауіпті болады. Ол кей соққыларды өткізіп алады, сондықтан теориялық тұрғыдан нокаут болуы әбден мүмкін. Бірақ мұның мүмкіндігі өте аз – 10 пайыз, – деді эксперт Андрей Усачев.
Айта кетейік, GGG мен «Канело» трилогия 17 қыркүйекте өтеді. Қос боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.