Гилфойд: «Фроч мықты боксшы, Головкиннің шақыруын қабыл алатыны анық»

Гилфойд: «Фроч мықты боксшы, Головкиннің шақыруын қабыл алатыны анық»

Британиялық кәсіпқой боксшы Карл Фроч карьерасындағы соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен қолғап түйістіруі тиіс. Беделді Boxingnews24.com басылымының тілшісі Скот Гилфойд осындай пікірде. Ол әйгілі комментатор Поли Малиньяджидің Фрочқа қатысты пікірімен келіспейтінін осы сөздерімен жеткізді.

Малиньяджи бір сұхбатында: «Карл Фрочтың карьерасы өте тамаша өтті. Енді ол Головкинмен кездесуі екіталай. Себебі, ол қазақстандықтан ұтылып қалса, тірнектеп жинаған абыройынан бір күнде айрылып, көп өтпей, халықтың жадынан өшемін бе деп қорқады» - деген болатын.

Гилфойд Малиньяджидің бұл пікірімен әсте келіспейтінін мәлім етті. «Фроч өз жанкүйерлерін разы ету үшін Головкинге қарсы жекпе-жек өткізетіні айдан анық. Әрине, Карл карьерасын қазір де аяқтай салуына немесе соңғы кезесуінде осал қарсыласпен шыға салуына болады. Алайда, мұның салдары оның жанкүйерлерінің көкейінде «Фроч карьерасын бүлдіріп алғысы келмей, қазақстандыққа қарсы жекпе-жек өткізбеді» деген пікір қалыптастыруы әбден мүмкін. Сондықтан, ол Головкиннің шақыруын қабыл алатынына күмәнім жоқ. Фроч мықты боксшы, ал мықтылар тек өзі секілді мықтыларды ғана таңдайды», - дейді Гилфойд.

Айта кету керек, отандасымыз Вилли Монроны жеңгеннен кейін, Мигель Котто, Карл Фроч, Алварес сынды мықтылармен қолғап түйістіргісі келетінін мәлімдеген болатын. Естеріңізге саламыз, Головкиннің келесі жекпе-жегі қыркүйек айына белгіленген, әзірге оған қарсылас табылар емес.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или