Командалық

Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Португалиядағы турнирде жүлдегер атанды

Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Португалиядағы турнирде жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Еуропада қатарынан екінші халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы Португалияда өткен Algarve Sevens турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Турнирге Португалияның командаларынан бөлек, Франция, Англия, Испания, Гонконг құрамалары және Еуропаның басқа да елдері қатысты. 12 ұжым жиналған турнирде Анна Яковлева жаттықтыратын Қазақстан қыздары үздіктер тобында өнер көрсетті. Өз тобында алдымен дәл осы турнирдің 2019 жылғы жеңімпазын оңай жеңген жерлестеріміз одан кейінгі ойындарды да сәтті өткізіп, еш қиындықсыз финалға шықты. Алайда, чемпиондық кездесуде Франция аруларынан жеңіліп, күміс медальді қанағат қылды. Есеп - 14:17.

«Күзде бізді Азия чемпионаты күтіп тұр. Жылдың ең маңызды турнирі сол. Қазірден бастап дайындықты жан-жақты пысықтап жатырмыз. Өкінішке қарай, осы турнирде "Сары құрлықтағы" басты бәсекелесіміз Гонконгпен кездесе алмадық. Олар басқа топта болды. Дегенмен, командамызды тағы бір турнирде шыңдай алдық», - деді Регби-7-ден әйелдер құрамасының бас бапкері Анна Яковлева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер