Мигель Коттоның бапкері Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды

Мигель Коттоның бапкері Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды

Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды.

"Головкин соңғы жекпе-жегінде өзінің сырын білдіріп қойды. Абайлау керек. Геннадий - жақсы панчер, бірақ ол сол кезде қалжырап қалды. Бәлкім ол денеден соққы алғанды ұнатпайтын шығар. Әрбір боксшының кемшілігі болады", - деді Роуч FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішімен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 24 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или