Командалық

Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатында 2 ойында жеңіске жетті

Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатында 2 ойында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың Накхон Патом қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында волейболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Биыл 14-рет ұйымдастырылған бәсекеде 11 құрама жиналды.

В тобына түскен Қазақстан құрамасы бүгін Үндістанды тізе бүктіріп (3:1), топтағы 2-жеңісіне қол жеткізді. Үндістан волейболшылары 1-партияны 25-20 есебімен өз пайдасына аяқтаған. Алайда біздің арулар келесі сетті тура дәл сондай есеппен жеңіп, таразы басын теңестірді. Қарқынына-қарқын қосқан Әділет Тәкенов шәкірттері дес бермей тағы 2 партияны 25-11, 25-14 есебімен айқын жеңді.

Құрлық бәсекесінде жарқын ойынымен көзге түсіп жүрген Аружан Беркімбай Ұлттық құрамаға 20 ұпай алып келді. Қарсылас қатарынан Кавита (16 балл) үздік нәтиже көрсетті. Аружан Филиппинмен болған ойында 10 балл жинаған еді.

Қазақстан мен Үндістаннан бөлек, В тобында Жапония, Қытай, Филиппин, Қытайдың Тайбэйі бар. Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы Филиппиннен келген құрбыларын 3:0 есебімен ұтқан. Ал алғашқы турда Қытайдың Тайбэйіне 1:3 есебімен жол берген. Енді Қазақстан құрамасы 9 маусымда Жапониямен, 10 маусымда Қытаймен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер