Қазақстан көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде үшінші жеңісіне жетті

Қазақстан көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде үшінші жеңісіне жетті

Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу сатысында үшінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Камбоджамен шеберлік байқасты. Ойын барысында Қазақстан құрамасы жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде қарсыласын 4:0 есебімен сүріндірді.

Екінші кезеңде де ойын қарқыны бәсеңдеген жоқ. Қазақстандық хоккейшілер басымдығын арттыра түсті. Кездесу қазақстандықтардың басымдығымен 9:0 есебімен аяқталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Индонезияны 1:0, Өзбекстанды 2:0 есебімен жеңген болатын.

Ел құрамасы іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Индонезия, Гонконг, Шри-Ланка, Камбоджа және Сингапурмен шеберлік байқасады.

Еліміздің әйелдер құрамасы Азия ойындары финалдық сатысында төрт мәрте қатысты.

1998, 2014 жылдарда 6-орын алса, 2010 жылы - 7, 2018 жылы 10-орынды місе тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или