Мартин Мюррей: «Фроч та, Дигэйл де Головкинді ұта алмайды»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Британдық боксшы Мартин Мюррей Геннадий Головкинге супер орта салмақ дәрежесіне ауысуы керек екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ». </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
- Головкинге екінші орта салмақ дәрежесіне көтерілу керек. Себебі, орта салмақта оған қарсылас жоқ. Ал супер орта салмақта мықты боксшылар бар. </p>
<p style="text-align: justify;">
Карл Фроч ашық мәнерде жұдырықтасады, демек Головкиннен талай соққы жіберіп алады деген сөз. Егерде, Карлдың қорғанысы мықты болса, жеңіске жету мүмкіндігі болар еді. Бұған қоса, ол кәсіби мансабын аяқтауға жақын. Джеймс Дигэйл - мықты боксшы, контрпанчер. Әйтсе де, оның стилі Головкинге ыңғайлы. Геннадийді жеңу үшін үнемі шабуылдау керек», — деді Мюррей BoхingScene сайтына. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или