Анчелотти «Реалдан» кетті

Анчелотти «Реалдан» кетті
<p style="text-align: justify;"> <strong>Мадридтік &laquo;Реалдың&raquo; президенті Флорентино Перес бас бапкер Карло Анчелоттидің алдағы маусымда қызметін жалғастырмайтынын хабарлады. &laquo;Marca&raquo; басылымының мәліметі бойынша италиялық маман 26 мамыр күні өз қызметінен ресми түрде кетеді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Карло Анчелотти осыған дейін денсаулығына алаңдайтынын хабарлаған болатын. Егер &laquo;Реалдағы&raquo; қызметінен кетер болса, Ванкуверде артқы ми бөлігіне ота жасатып, бір жылдай жұмыс жасамайтынын айтқан-ды. Мадридтік клубтың ойыншылары Флорентино Перестен бас бапкердің қызметінде қала бергенін өтінгенмен, шешім өзгерген жоқ.&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетейік, Карло Анчелотти &laquo;корольдік клубтың&raquo; тізгінін 2013 жылы ұстаған болатын. Басты жетістігі &ndash; 2013/2015 маусымдағы Чемпиондар лигасында &laquo;Реалдың&raquo; чемпион атануына септігін тигізді. Испания кубогы, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Ал бұл маусымда Карло Анчелотти шәкірттері бірде-бір жарыста жеңімпаз атана алмады. &nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или