Командалық

Регбиден Қазақстан құрамасы Amsterdam Sevens турниріне аттанды

Регбиден Қазақстан құрамасы Amsterdam Sevens турниріне аттанды
news-banner7
mobile-news-top

2-8 маусым аралығында Нидерланд Корольдігінің астанасында регбиден Amsterdam Sevens турнирі өтеді. Биыл 50 жылдық тарихы бар бәсеке (алғаш рет 1972 жылы өткен) пандемияға байланысты 2 жыл үзілістен кейін қайта ұйымдастырылды.

Бұл сында Қазақстан әйелдер құрамасы өнер көрсетеді. Жалпы арулар арасында 12 команда жиналған. Біздің Ұлттық құрамамен қатар Нидерланд, Германия, Франция, Уэльс, Польша мен АҚШ-тан келген түрлі команда бар.

Ал ерлер арасында Қазақстан құрамасын қосқанда 38 команда кім мықтыны анықтайды. Осы ретте Чехия, Нидерланд, Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Литва, Польша,Оңтүстік Африка Республикасының регбишілерін атап өтуге болады. Сондай-ақ бұл жарысқа 35 жастан асқан ерлер мен әйелдер ардагерлер санатында бақ сынай алады. Турнирдің ерекшелігі Ұлттық құрамалармен қоса кез келген кәсіби клуб жарнасын төлеп қатысса болады. Әр команда кем дегенде 5 ойын өткізеді.

Айта кетейік, осыған дейін 2019 жылы өткен Amsterdam Sevens турнирінде әйелдер арасында «Алматы» командасы жеңіске жеткен. Олар финалда Аустралияның «Рэндуик» клубынан 14-12 есебімен басым түсті.

Түпнұсқасы: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер