Хоккей

Қазақстан құрамасының қақпашысы ресейлік клубқа ауысты

Қазақстан құрамасының қақпашысы ресейлік клубқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатының өткен маусымдағы үздік қақпашысы Илья Румянцев мансабын ЖХЛ-да бақ сынайтын «Южный Урал» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Румянцев екі маусым «Арлан» сапында өнер көрсетті. Биылғы ProLigasy плей-офф кезеңінде Илья командасының 17 матчтың 10-ында жеңіске жетуіне көмектесті.

Мамыр айында қақпашы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында дебют жасаған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының тағы бір қақпашысы Сергей Кудрявцев соңғы маусымды Орск қаласында өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер