Қайрат Ахметовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қайрат Ахметовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов келесі жекпе-жегін үшінші маусым күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ол Сингапурдегі One Championship турниріне қатысады. Қарсыласы 33 жастағы жапон Тацумицу Вада болмақ. Күншығыс елінің өкілі 23 рет ұтып, 11 мәрте жеңіліп, 1 жекпе-жекте қарсыласпен тең түскен. 

34 жастағы Қайраттың еншісінде 25 жеңіс бар. Екі рет жеңіліс құшқан. 

Еске сала кетейік, Ахметов соңғы айқасын 17 желтоқсанда Сингапурде өткізіп, турнирдің басты жекпе-жегінде филиппиндік Дэнни Кингаданы ұтты. 

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202205/203991_3fcacd8c3348810ccb17cc305c238e53.webp" /></picture>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или