Аллегри: «Бұл екі чемпионның арасындағы қызық жекпе-жек болмақ»

Италия кубогының финалындағы жеңісінен кейін «Ювентус» бас бапкері Массимилиано Аллегри маусымды Чемпиондар лигасын жеңіп алумен аяқтағысы келетінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Барселона» - әлемдегі мықты командалардың бірі. Әйтсе де, біз өзімізді жақсы сезінеміз және Берлинге футбол ойнау үшін аттанбақпыз. Расымен де, өз ойынымызды көрсетеміз. Командама физикалық және психологиялық тұрғыда сенемін, бізде, шынымен де, тамаша құрам бар.

Ертең біз «Наполи» туралы ойлаймыз, сосын ғана финалға дайындықты бастаймыз. Соңғы екі айда чемпиондығымызды тойлап өтетін уақытымыз болмады. Кьеллини мен Суарес пе? Бұл екі чемпионның арасындағы қызық жекпе-жек болмақ», - деді Аллегри.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или