Қазақстандық боксшылар қоржынымызға 12-медальді салды

Бокстан Тайбэйде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 12-медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді.

Бірінші орында 15 медальмен Ресей құрамасы келеді. Үшінші орында АҚШ боксшылары (8 медаль), ал Қытай, Үндістан, Түркия, Украина – 6, Қытайлық Тайбэй мен Ирландия – 4, Италия, Моңғолия, Польша – 3, КХДР, Венгрия, Таиланд – 2, Әзірбайжан, Доминикана, Ұлыбритания, Франция, Германия, Греция, Оңтүстік Корея, Косово, Швеция және Вьетнам – 1 медальден иеленді.

Жарыстың бесінші күні Жазира Орақбаева ерлік жасады. Біріншілікте сынға түсіп жатқан 46 келідегі боксшымыз бен Болгарияның 3 дүркін чемпионы, 2014 жылғы Еуропа біріншілігінің жүлдегері Эми-Мари Тодорова арасындағы жекпе-жек өте тартысты өтті. Қарсыласының тәжірибесінің мол екендігіне қарамастан, Жазира 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или