Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері «Мақтааралдың» спорт директоры қызметін атқаратын болды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері «Мақтааралдың» спорт директоры қызметін атқаратын болды

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов жақын арада «Мақтаарал» ФК-ның спорт директоры қызметіне кіріседі.

Еске салайық, Талғат Байсуфинов «Ақсу», «Ертіс» және «Ақжайық» сынды клубтарды жаттықтырған.

2020 жылдың желтоқсанында ол ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 8 кездесу өткізіп, үш рет тең түсіп, 5 рет жеңіліс тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или