Бокс

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жеңіл салмақта (48 кг) жұдырықтасқан ол Ниту Нитуды айқын басымдықпен жеңді. Нәтижесінде, бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Айта кетерлігі, оның жартылай финалдағы қарсыласы болгариялық Севдо Асенова болмақ.

Стамбұлда өтіп жатқан әлем біріншілігі 20 мамырға дейін созылады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0