Ақтауда кәсіпқой бокс кеші өтеді
11 маусымда Ақтауда Adal Promotions промоутерлік компаниясының кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Кеш аясында қазақстандық бірқатар танымал боксшылар шаршы алаңға шығады.
Промоушен Instagram парақшасында хабарлағандай, аталған кеште әуесқойлар арасында әлем чемпионы, жартылай ауыр салмақта WBO Youth титулының иегері Бекзад Нұрдәулетов (4-0, 2 КО), орта салмақта WBO International белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақта бақ сынайтын Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) және басқа боксшылар өнер көрсетеді. Қазақ боксшыларының қарсыластары кім болатыны қазірше белгісіз.
Айта кетейік, аталған спортшылар 5 ақпанда Ақтауда да рингке шығып, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или