ҚХФ басшысы Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Антикор жауап берді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы премьер-министр, Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) басшысы Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғаған жоқ. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span> Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлан Сарқұловқа «Бұрынғы премьер-министр Асқар Маминге қатысты қылмыс қозғалды ма?» деген сұрақ қойылды. </span>
<span>«Бастапқыда барлық атышулы істерді айтып өткен едік. Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», - деп жауап берді Сарқұлов. </span>
<span>Айта кетейік, елдегі қаңтар оқиғасынан кейін Асқар Мамин Үкімет басшысы лауазымынан босатылған еді. Оның орнына Әлихан Смайылов тағайындалды.</span>