«Астана» үлкен қиындықпен жартылай финалға өтті

«Қайсар» мен «Астана» арасындағы кездесудің жеңімпазын анықтау үшін командаларға 120 минут қажет болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы тайм «Қайсар» үшін сәтті өтті. Үзіліске кетер тұста Эдин Юнузович алаң иелерін алға шығарды. Бұған астаналықтар екінші кезеңде Патрик Твумасидің голымен жауап қатты. 84-минутта алаңдағы бас төреші «Астананың» қақпасына пенальти белгіледі. Қызылордалық жанкүйерлердің өкінішіне қарай, Владислав Нехтий қақпашыдан айласын асыра алмады. Осылайша негізгі уақыт тең аяқталып, матч овертаймға ауысты. 109-минутта Твумаси дубль авторы атанып, қонақтарға жартылай финалға жолдаманы алып берді.

«Қайсар» - «Астана» - 1:1 (1:0), қосымша уақыт – 1:2.

Голдар: Юнузович 43 – Твумаси 70, 109

«Қайсар»: Прядкин, Кейлер, Кляйн, Мулдаров, Скорых, Шестаков, Мужиков, Нехтий (Алтынбеков 101), Пирошка (Балтаев 68), Струков, Юнузович

«Астана»: Голубничий, Пикалкин (Жуков 54), Аничич, Ахметов, Шомко, Каньяс, Жолчиев, Қонысбаев, Бейсебеков, Кетевоама, Щеткин (Постников 112)

Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Александр Полуэктов (Тараз), Алексей Шабанов (Алматы)

Қосалқы төреші: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)

Инспектор: Павел Салий (Өскемен)

Ескерту: Шестаков 36

20 мамыр. Қызылорда. Ғ. Мұратбаев ат. стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или