Бокс

Шамиль Сафиуллин: Төрешілер шешімімен келіспеймін

Шамиль Сафиуллин: Төрешілер шешімімен келіспеймін
news-banner7
mobile-news-top

Екі дүркін әлем чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай Ыстамбұлда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші кездесуінде күтпеген жерден жеңіліп қалған, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы жекпе-жекте 50 келіге дейінгі салмақтағы спортшымыз Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері колумбиялық Ингрит Валенсиядан төрешілердің шешімімен 2:3 есебімен жеңіліп қалған. Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Шамиль Сафиуллин төрешілердің шешімімен келіспеді.

- Қорытынды шешіммен келіспеймін. Бірінші раундта колумбиялық сәл басымдау болған шығар. Бірақ екінші және үшінші раундта Назым басым болды. Бірақ бірінші раунд бәрін шешті, - деді Сафиуллин Қызайбайдың жекпе-жегі туралы. - Назым Рио Олимпиадасының жүлдегері, атақты қарсыласпен кездесті. Жекпе-жек оңай болған жоқ, оған қоса Назым сәл ауырып, жылдамдығын көрсете алмады, бірақ ол жекпе-жекке шығып, жауынгерлік мінезін көрсетті. Бұл жекпе-жекте Қызайбай қарсыласынан басым болды және төрешілер оған жеңіс беруі тиіс еді деп есептеймін. Назым әр раунд сайын үдетеді, қарқынын арттырады, бұл оның стилі, бірақ суық тигізуіне байланысты ол өзінің машығын толық аша алмады. Наразылық па? Әлем чемпионатының алдында осы турнирден бастап командалардың наразылықтары қабылданбайтыны ресми түрде жарияланды.

Дереккөз: СДД баспасөз қызметі

Назым Қызайбай әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды

Ангелина Лукас әлем чемпионатында жарыс жолын ерте аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер