«Қайраттың» капитаны клубтан кететінін мәлімдеді
"Қайраттың" жұлдызы Яцек Гуральски Przegląd Sportowy-ға берген сұхбатында жақында қазақстандық клубтан кететіні туралы мәлімдеме жасады.
"Биыл 31 желтоқсанда Яцек Гуральскидің "Қайратпен" келісімшарты аяқталады. Бұған дейін футболшы жұмыс берушінің шартты ұзартуын күтіп отырғанын айтқан болатын", - деп жазады басылым.
"Бұл рас. Клубпен келіссөзден осындай нәтиже шықты. Егер таңдау керек болса, онда жазғы трансферді таңдайтын едім. Менің ойымша, бұл екі жаққа да тиімді болар еді. Өйткені біздің құрама желтоқсан айында әлем чемпионатында өнер көрсетеді, мен Катарда алаңға шығатын командада боламын деп үміттенемін", - деді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или