Холанд «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын, футболшының жалақысы белгілі болды

Холанд «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын, футболшының жалақысы белгілі болды

Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Сити» сапына ауыспас бұрын медициналық тексерістен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо мәлім етті.

Журналист мәліметінше, норфегиялық футболшы мен «қалалықтар» арасындағы келісімшарт 5 жылға жасалады, Холанд апта сайын 375 000 фунт жалақы алады.

Таяуда «Сити» ойыншы үшін дортмундтық клубқа 60-75 млн еуро көлемінде төлейді. Осы аптада трансфер туралы ресми хабарланады. 

2021/22 жылғы маусымда Холданд 29 матчта 28 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или