Допты хоккей: Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турнирінде Өзбекстанмен тең түсті

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турнирінде Өзбекстанмен тең түсті

Бүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында допты хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турниріндегі үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстанмен кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды.

Алғашқы екі ойында Қазақстан құрамасы жеңілген болатын. Таиланд және Оман құрамасымен кездесулер 0:3 есебімен аяқталған.

Турнир 15 мамырға дейін жалғасады. Оған Азияның түкпір-түкпірінен 9 команда қатысады, оның алтауы 2022 жылы Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына жолдама алады.

Қатысатын тоғыз команда: Оман, Бангладеш, Таиланд, Шри-Ланка, Гонконг, Индонезия, Өзбекстан, Сингапур және Қазақстан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0