«Астананың» бапкері «Ордабасымен» ойын жайлы пікір білдірді
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында «Ордабасыға» қарсы өткен ойынды (2:1) қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Өте қиын ойын болды. Біріншіден, ауа-райы ыстық болды. Ал біздің жігіттер мұндайға үйренбеген, сондықтан ауыр болды. Дегенмен мен осындай мықты қарсыласпен кездесуде жеңіске жеткенімізге ризамын. «Ордабасы» өз алаңында әлі жеңілмеген еді, «Қайрат», «Тобыл», «Қызылжар» сынды еурокубокқа қатысатын клубтарды тізе бүктірген болатын. Шымкенттен үш ұпаймен қайтқанымызға қуаныштымын.
Жанкүйерлер үшін қызықты матч болды деген ойдамын, себебі, қос тараптан да көптеген шабуылдар болды. Алғашқы таймда біздің 2-3 гол салып тастап, екінші таймды сенімді бастайтындай мүмкіндігіміз болды. Алайда, гол жіберіп алдық. Бұл гол алаң иелеріне үлкен күш берді, сол себепті олар екінші кезеңді өте сенімді бастады. Әрине, кей сәттерде біздің де жолымыз болды. Сонымен қатар, гол салатын мүмкіндіктерді пайдалана алмаған кездеріміз де болды.
Ойынның соңғы минуттарында жеңісті жұлып алып кету – өте керемет сезім. Біздің тараптан ойынды бақылауда ұстай алмай жатқан кездесулер маған ұнамайды. Мен тек біздің команданың ойында басымдыққа ие болғанын қалаймын. Бүгін қарсылас мығым болды. Нәтижеге көңілім толады, менің ойымша, соңғы матчтарда жетіспеген нәрсе бүгін қасымыздан табылған секілді. Жігіттерді құттықтаймын, олар барларын салды.