«Канело» мен Биволдың сыйақысы белгілі болды
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) пен WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) титулдық жекпе-жектен қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
TotalsPortal мәліметінше, Альварес 15 миллион доллар, ал Бивол екі миллион доллар кепілдік сыйақы алады.
Сонымен қатар, боксшылар ақылы трансляциядан (PPV) түскен табысты бөліп алады. Оның 70 пайызы «Канелоға», 30 пайызы Биволға беріледі. Бұл жағдайда ресейлік боксшының сыйақысы төрт миллион долларға дейін көтерілуі мүмкін.
Жекпе-жек мамырдың 8-іне қараған түні өтеді және Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасындағы бокс кешінің басты жекпе-жегі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или