Мұсәділовтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Мұсәділовтің (11-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxrec.com порталының хабарлауынша, Серік Мұсәділов 25 маусымда Дулут қаласында (Джорджия, АҚШ) өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Серік Мұсәділовтің бұған дейінгі жекпе-жегі 2021 жылы 20 қарашада Майамиде (Флорида, АҚШ) өткен болатын. Онда 27 жастағы павлодарлық боксшы америкалық Дастин Лонгты (6-3-2, 4 КО) жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или