Данияр Елеусінов IBF рейтингінен шығып қалды
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежелеріндегі рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының орындарын ұсынамыз:
<span>Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов төртінші және бесінші орындарды сақтап қалды. Әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес, алғашқы екі орын бос тұр, үшінші орында ресейлік Евгений Шведенко.</span>
Чемпиондық белбеу Геннадий Головкинге тиесілі орта дивизионда Мейірім Нұрсұлтанов 14-орында қалды. Рейтингте бірінші орында бразилиялық Эскива Фалькао, екінші орында австралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында неміс Патрик Войчицки.
Жартылай орта салмақта 15-орында болған Данияр Елеусінов рейтингтен шығып қалды.
Сұлтан Зәуірбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы рейтингте 11-орынды сақтап қалды. Бұл санаттағы чемпиондық белбеу жапониялық Кеничи Огаваға тиесілі, үздік үштікті Шавкат Рахимов (Тәжікстан), Зельфа Барретт және Джозеф Кордина (екеуі де Ұлыбритания) еншіледі.<br /><br />