Қазақстандық боксшы киноға түсті

Қазақстандық боксшы киноға түсті

Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров алғаш рет киноға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер сіз кино саласының өкілі болсаңыз, көп сын айтпаңыз. Еркебұлан Тоқтар үшін бұл 16-шы фильм, ал мен үшін бірінші фильм!», - деп жазды қазақстандық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тұраров кәсіпқой мансабында 25 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Тұраров соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда өткізіп, мысырлық боксшы Абдумонем Саидты (22-2-1, 11 КО) 47-секундта нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или