Франциядағы маусымның үздік ойыншысы атағына үміткерлер анықталды. Месси мен Неймар тізімде жоқ

Франциядағы маусымның үздік ойыншысы атағына үміткерлер анықталды. Месси мен Неймар тізімде жоқ

Франция кәсіпқой футболшылар одағы (UNFP) ресми сайтында 2021/2022 маусымдағы Бірінші лиганың үздік ойыншысы атағына үміткерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франция чемпионатының ең үздік футболшысы атағы үшін Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен»), Виссам Бен-Йеддер («Монако»), Димитри Пайет («Марсель»), Лукас Пакета («Лион») және Мартен Терье («Ренн») таласады.

Айта кетейік, бұл тізімде ПСЖ шабуылшылары Лионель Месси мен Неймар жоқ.

Франция чемпионатында өткен 35 турдан кейін «Пари Сен-Жермен» 79 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Екінші орында 65 ұпаймен «Марсель» Сампаоли командасы. Үшінші орында Ренн (62). «ПСЖ» мерзімінен бұрын Франция чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или