Ербосынұлы WBA рейтингісінде көш бастап тұры
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі <span>рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>
Қазақстандық боксшылардың рейтигтегі орны мынадай:
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий аса ауыр салмақта тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді.
Бұл салмақта үздік үштікте Даниэль Дюбуа (Британия), Майкл Хантер (АҚШ) және Роберт Хелениус (Финляния). WBA титулының иегері Александр Усик.
Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек қоңқабаев төртінші, Серік Мұсәділов 11-орынға ие болды. ТОП-3: Юниэль Дортикос (Куба), Алексей Егоров (Ресей) және Баду Джек (Швеция). Чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.
Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы бірінші орында тұр. Екінші орын бос, үшінші орында британиялық Джон Райдер жайғасқан. Бек Нұрмағанбет 12-орында қалды. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.
Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин. Үздік үштікте кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания), Хайме Мунгиа (Мексика) және Серхио Мартинес (Аргентина) тұр. Жәнібек Әлімханұлы жетінші орында.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ, ал уақытша белбеу венесуэлалық Рохер Гутьерреске тиесілі. Рейтингтегі бірінші орында доминикандық Гектор Луис Гарсия, екінші орында ирландиялық Джоно Кэрролл, үшінші сатыда венесуэлалық боксшы Анхель Родригес тұр.
Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта тоғызыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта америкалық боксшы Ронни Риос, армян Азат Оганесян және жапониялық Томока Камеда көш бастап тұр. Ал чемпионы - өзбек Муроджон Ахмадалиев.