«Тараздың» бас бапкері «Мақтааралға» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді

«Тараздың» бас бапкері «Мақтааралға» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді

«Тараз» ФК бас бапкері Нүркен Мазбаев футболдан Қазақстан чемпионаты аясындағы «Мақтааралға» қарсы өткен ойынға (1:0) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Тағы бір қиын ойын. Турнирдегі қиын жағдайды ескеріп, «Мақтааралдың» алаңда барын салғанын көрдіңіздер. Бірінші таймда жақсы ойнай алмадық. Бұл түсінікті – екі команда да өз мақсаттарын көздеді, оң нәтиже алғысы келді. Біз өз тактикамызды ұстандық, қақпамызды барынша қорғауға тырыстық. Екінші таймда біздің жігіттердің күштері тығыз ойын кестесіне байланысты аздап төмендеді. Маған ойыншыларды ауыстыруға тура келді, нәтижесінде бұл соғылған гол мен жеңіс әкелді. Жігіттерге алаңда барын салғандары үшін алғыс айтамын», – деді бапкер.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или