Анчелотти теңдессіз рекорд орнатты

Анчелотти теңдессіз рекорд орнатты

«Реал Мадрид» Испания Ла лигасының 34-турында «Эспаньолды»<span> 4:0 есебімен </span>жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

Корольдік клубтың бас бапкері Карло Анчелотти Испания чемпионатын алғаш рет жеңіп алды.

Осылайша, италиялық маман Еуропаның 5 ірі чемпионатын түгел жеңіп алған алғашқы бас бапкер атанды.

Анчелотти бұған дейін Италияда «Миланмен» (2003-04), Англияда «Челсимен» (2009-10), Францияда «Пари Сен-Жерменмен» (2012-13) және Германияда «Бавариямен» (2016-17) бірге чемпион атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или