ЧЛ: «Ливерпуль» өз алаңында «Вильярреалды» жеңіп, финалға бір табан жақындады

ЧЛ: «Ливерпуль» өз алаңында «Вильярреалды» жеңіп, финалға бір табан жақындады

Еуропа Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 сәуірге қараған түні «Ливерпуль» өз алаңында испаниялық «Вильярреалды» қабылдады.

Бұл ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шығу мүмкіндігін барынша жоғарылатты. Ойындағы алғашқы голды қонақтардың қорғаушысы Первис Эступиньян өз қақпасына соғып алды, ал екінші голды Садио Мане соқты.

Ал кеше өткен «Манчестер Сити» - «Реал» матчы 4:3 есебімен аяқталды. Гол жауған кездесуде манчестерлік команда жеңіске жетті.

«Ливерпуль» (Англия) – «Вильярреал» (Испания) 2:0 (0:0)
Гол соққандар: 1:0 – Эступиьнян (53, автогол), 2:0 – Мане (55)

Айта кетейік, қарымта матчтар 3, 4 мамырға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или