«Ойынды тезірек ұмытуымыз керек». «Тобыл» қорғаушысы «Астанаға» қарсы матч туралы ойын айтты
«Тобыл» футболшысы Александр Марочкин «Астанаға» (1:1) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз сапалы футбол көрсететін жақсы командаға қарсы ойнайтынымызды білдік. Ойынның оңайға түспейтіні белгілі еді. Жалпы, тең дәрежедегі матч болды. «Астана» – лайық қарсылас, онымен ойнау әрқашан қызықты. Өткен турдағы жеңілісіміз үшін жанкүйерлер алдында еңсе тіктегіміз келді. Жігіттер жеңіске жетуге тырысты, соңына дейін барын салып бақты.

Енді біз бұл ойынды тезірек ұмытып, қорытынды жасап, келесі матчтарға дайындалуымыз керек.

Алаңға келген барлық жанкүйерге алғыс айтқым келеді. Қолдаулары үшін рақмет», - деді Марочкин.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или