Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) Эстонияда өтіп жатқан «УЕФА Даму кубогын» жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Жас футболшыларымыз алғашқы ойында Жаңа Каледонияны 6:0 есебімен жеңді.
Біздің командамыз Жаңа Каледония, Эстония және Фарер аралдарымен бір топқа түсті. Жарыс Эстонияның Отепя қаласында өтіп жатыр.

Александр Кузнецов шәкірттері келесі ойынды 28 сәуірде жарыс қожайындары – Эстонияға қарсы өткізеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де.
Қазақстан U-16 – Жаңа Каледония U-16 – 6:0 (4:0)

Голдар: Тамерлан Ағыманов 6, 15, 40, Ахметәли Қалтанов 41, Виктор Лакеев 52, Димаш Серікұлы 90

Қазақстан U-16: Әбілқайыр Әлиақбар (қ) (Әлихан Жанай (қ) 46), Рустам Жанхаев (Елжан Молдахмет 46), Данияр Ерлан (Ерлан Тұтқабаев 46), Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Виктор Лакеев 46), Ілияс Әбіл (Бейбарыс Әбділхай 46), Ахметәли Қалтанов (Димаш Серікұлы 46), Аруп Саутов (Хамза Мұхаметәли 46), Әділет Өмей, Тамерлан Ағыманов (Алан Адахаев 46), Тимур Құрбанов (Данияр Нәдір 46);

Аға бапкер: Александр Кузнецов.