Ресей 2023 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан бас тартты
Шешім Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) отырысында қабылданды. Әлем чемпионаты 2023 жылдың 5 мамыры мен 21 мамыры аралығында Санкт-Петербургте өтуі керек еді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа орын Финляндиядағы 2022 жылғы әлем чемпионатының соңғы аптасында өтетін жыл сайынғы IIHF конгресі кезінде бекітіледі.
«Кейінге қалдыру туралы шешім, ең алдымен, барлық қатысушы ойыншылардың, шенеуніктер, БАҚ және жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатына алаңдаушылықтан қабылданды», - делінген IIHF мәлімдемесінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или