ҚПЛ 8-туры: алғашқы матчтардың тікелей трансляциясы
26 сәуірде Шымкент пен Қостанайдағы матчтармен футболдан Қазақстан чемпионатының 8-туры басталады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де Шымкентте Қажымұқан атындағы стадионда жергілікті «Ордабасы» мен алматылық «Қайрат» кездеседі. Алматылықтар кейінгі турдағы жеңілістен соң бұл жолы міндетті түрде үш ұпай алуға тырысады, бірақ бұл оңай шаруа емес. Шымкенттіктер қатарынан үш тур бойы жеңілмей келеді.
<span>Ал 20:00-де Қостанайда 8-турдың орталық матчы басталады. </span><span>«Тобыл» мен «Астана» кім мықтыны анықтайды. Қостанайлық команда қатарынан үш матчта жеңіске жете алмай келеді, ал маусымды сәтсіз бастаған елордалықтар кейінгі бес ойынның төртеуінде жеңіске жеткен. Бүгін командалар </span><span>«алты ұпай үшін» барын салады. «Тобыл» – «Астана» матчын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Эфирді мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.</span>
Фото fctobol.kz