«Тобыл» словениялық жартылай қорғаушыны қатарына қосты

«Тобыл» словениялық жартылай қорғаушыны қатарына қосты

«Тобыл» футбол клубы 28 жастағы словениялық жартылай қорғаушы Руди Пожег Ванкаспен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ванкас Словения чемпионатында «Колпа», «Домжале», «Целье» және «Марибор» сапында ойнаған. Кейінгі клубында капитан болған. Биыл украиналық «Черноморец» сапына ауысқан еді.

Ол Словения чемпионатында 274 матч (49 гол, 32 нәтижелі пас) және еурокубоктарда 15 матч өткізген.

Сонымен қатар, Руди Пожег Словения құрамасы сапында бір матчқа қатысқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или