Срджан Благоевич: Өте жақсы ұйымдасқан командамен кездесуде лайықты жеңіске жеттік
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Каспиймен» өткен ойын қорытындысы жайында пікірімен бөлісті.
- Оралда өткен кездесуден кейінгі уақыт біз үшін бір ауыр сәт болды. Қысым күшейгенін сездік, бірақ команданың еңсесін түсірмей, керісінше күшейе, ширыға түскеніне қуаныштымын. Осы сезім біздің әр ойынымызда болуы тиіс.
Турнир кестесінде көш бастап тұрған, ұйымдасқан командаға қарсы лайықты ойын көрсетіп, жеңе білдік. Осы жағынан алғанда бұл жеңістің біз үшін орны ерекше. Бәрін жеңіспен құттықтап, осы деңгейде жалғастырамыз деген сенім білдіремін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или