Шымкентте бокстан халықаралық турнир басталды

Шымкентте бокстан халықаралық турнир басталды

Шымкентте Қажымұқан спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды.

Жасөспірімдер арасында осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа 5 елден 94 үміткер қатысып отыр. Турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттерімен қатар, еліміздің барлық өңірінен жас боксшылар бақтарын сынауға келген. Ал, алаң иелері саналатын біздің өңірдің өзінен 13 жас осы сайысқа қатысуға мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, еліміздің құрамасынан да – 13 боксшы бақтарын сынайды.

Бұл жарыстың жылдан жылға ауқымы кеңейіп, көптеген жас боксшы қатысуға ниет білдіріп отыр. Былғары қолғап шеберлері 46-80 келі салмақ аралығында сынға түседі. Жас спортшылар бес күндік сайысқа сақадай сай дайындықпен келген. Бастамасы жаман емес. Бірінші күннен-ақ барын салып, шаршы алаң бәсекесін қыздырды.

Даниель Лысенко, жарысқа қатысушы (Ресей):

Жасым 15-те, 46 келі салмақта сайысқа түсіп жатырмын. Әрине, алғашқы болып шығу маған азырақ ауыр болды. Алайда, мұндай ауқымы кең жарысқа қатысу мен үшін үлкен жеңіс, абырой. Енді жарыс жеңімпаздары 16 мамыр күні белгілі болады. Қарсыластарын қапыда қалдырған спортшылар ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы дайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Bnews.kz порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или