Юрий Красножан: «Нәтиженің басқа болғанын қалар едім»

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан матч соңынан кейінгі баспасөз мәслихатында нәтижеге көңілі толмайтынын білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Ойын жақсы өтті, тек нәтиженің басқа болғанын қалар едім. Қауіпті сәттердің жиі болғанына қарамастан, гол соға алмадық. Бірінші таймда қапталдағы ойыншылар белсенді болса, екінші таймда орталық алаңдағы ойыншылар жақсы ойнады.

- Қазақстан үшін осындай кездесулер қажет деп ойлайсыз ба?

- Бұл ойынның жаттықтырушылар мен ойыншылар үшін қажет екеніне сенімдімін. Оқу-жаттығу жиынында үйренген әдістерді басқа қай жерде пысықтауға болады? Жаттығу кезінде жігіттер барлығын тиянақты орындайды, ал оның барлығын тәжірибе жүзінде тексеру үшін жолдастық матчтар керек. Қарсылассыз біз ештеңе үйренбейміз.

- Бүгінгі матчта алаңға жаңа ойыншылар шықты. Сіз тәжірибе жасаудан қорықпайсыз ба?

- Қазақстан Ұлттық құрамасына жас футболшыларды да, тәжірибелі футболшыларды да қараймыз. Қазақстан футбол федерациясы құраманы жасартуды көздейтін біздің бағытты қолдады. Дегенмен де бізде тәжірибелі ойыншылар бар. Олардың әрқайсысына сенім артамыз.

- Кей сәттерде ойыншылардың шаршағаны көрінгендей болды? Сергектік пен ширақтық жетіспеді. Бұл ел чемпионатында ойын кестесінің тығыздығымен байланысты ма?

- Кей сәтті қарсыластарымыздың атлетикалық жағынан мықты көрінгендей болды. Алайда, біз ойын барысын бақылап, допқа иелік етіп отырдық. Өкіншке қарай, допты қақпаға дарыта алмадық. Оң нәтижеге қол жеткізу үшін әрі қарай жұмыс істеуге тырысамыз.

Дереккөз: kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или