Головкиннің кезекті жекпе-жегі қыркүйек айында өтеді

Геннадий Головкин 2015 жылғы үшінші жекпе-жегін қыркүйек айына жоспарлап отыр, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл жайында «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Геннадий Головкиннің осы жылғы кезекті екі жекпе-жегін тікелей эфирде таратуға мүмкіндік алды.

Геннадий Головкин ағымдағы жылдың үшінші жекпе-жегін қыркүйек айында өткізуді жоспарлап отыр. Матч «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде таралмақ. Бірақ қарсыластың кім болатыны және нақты уақыты мен өткізілетін орны әзірше белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, 17-ші мамыр күні Геннадий Головкин және Вилли Монро арасындағы жекпе-жек өтеді. Матч Астана уақытымен 7.45-те басталады. GGG рингке шамамен 9.30-да шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или