Тағы да 0:0

Тағы да 0:0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматының Орталық стадионында Буркина-Фасо командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алматыға қара құрлық елінің командасы өзінің ішкі чемпионатында өнер көрсететін футболшыларын алып келген. Бірақ Юрий Красножан Буркина-Фасо ойыншыларының бәрі де қауіпті екенін айтты. Ал матчта төрелік етуге әлемдегі үздік қазылардың бірі Равшан Ирматов шақырылды.

Буркина-Фасо ойыншылары да бапкерлері айтқандай Алматыға қыдыру үшін емес, футбол ойнау үшін келгенін алғашқы ысқырықтан бастап дәлелдей алды. Бір-біріне бейтаныс құрамалар бірінші минуттардан қарсыластарын барлап, өте сақ ойнады.

Алаң иелері уақыт өте басымдыққа ие болып, сәт сайын қонақтардың қорғаушыларын мазалап тұрды. 15-минутта Ұлан Қонысбаев тамаша мүмкіндікке ие болды, дегенмен қақпашы Мухамед Байлоу өз қақпасын голдан аман алып қалды. Бұл шабуылдан кейін қазақстандықтар алдыңғы шепте белсендірек ойнап, қос қанат арқылы ұмтылыс жасады. Дегенмен сол ұмтылыстардың біреуі де қақпаға жасалған дәл соққымен аяқталған жоқ. Бірінші таймда Қонысбаевтың соққысы болмаса, қос команда да ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жасай алмады.

Екінші тайм да алаң иелерінің белсенділігімен өтті. 54-минутта стандарттық шабуыл кезінде Ұлан Қонысбаевтың сол қанаттан асырған пасынан кейін Абзал Бейсебеков басымен соққы жасаған, алайда қонақтардың қақпашысы жақын бұрыштан допты алып шықты.

62-минутта Юрий Красножан шабуыл шебіне тың леп беру үшін Азат Нұрғалиевтің орнына алаңға Бауыржан Исламханды шығарды. Әйтсе де, Қазақстан құрамасының гол салуына «Қайраттың» капитаны да көмектесе алмады. Футболшыларымыздың барлық ұмтылысы Буркина-Фасо қорғаушыларына жеткенде тоқтап қалып жатты.  Қазақстандықтарға қарсыласының қорғаушыларын қапыда қалдыру үшін шабуылда креатив жетіспеді.

78-минутта Нөсербаев алыстан Мухамед Баулудың қырағылығын тексеріп көрген, бірақ бурикалық голкипер керіле секіріп, допты алыс бұрыштан алып шықты.

Қалған уақытта алаң иелері қос қанат арқылы, бұрыштама доп, айып соққылары арқылы шабуылдар жасаған. Бірақ оның біреуі де нәтиже алып келген жоқ. «Арғымақтар» да сәті келсе, алаңға жата қалып, уақыт созуға тырысты. Қорытынды есеп – 0:0. Юрий Красножан шәкірттері қатарынан екінші жолдастық кездесуді 0:0 есебімен аяқтады.

Қазақстан – Буркина-Фасо 0:0

Қазақстан: Покатилов, Малый, Нұрғалиев (Исламхан 62), Гурман, Бейсебеков (Жұмақанов 82), Нөсербаев (Хижниченко 79), Шомко, Абдулин, Жуков (Щеткин 72), Смақов, Қонысбаев (Досмағамбетов 75).

Буркина-Фасо: Байлоу, Моумоуни, Максиме, Сайдоу (Саноу), Уссоуф, Асане, Херманн, Мохамед (Эрик), Бану, Омар (Трезор), Беао.

Төрешілер Равшан Ирматов, Бахадыр Кочкаров, Джахангир Саидов
12 мамыр 2015 жыл. Орталық стадион, Алматы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или